Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Өсiмдiктердi қорғау туралы
19-3-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiн бақылау



Ст. 19-3 Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331



1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды бақылау мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлерде тыйым салынған, жарамсыз жағдайға келген пестицидтер (улы химикаттар) мен пестицидтердiң (улы химикаттардың) залалсыздандыруға жататын ыдыстарын, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiн анықтау үшiн жүзеге асырылады.

2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) зиянсыздандыру тәртiбiн, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi жағдайда күтіп-ұстау шарттарын уәкiлеттi орган қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.

3. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды бақылау жылына екi реттен көп емес кезеңдiлiкпен және екi күннен көп емес ұзақтылықпен дала жұмыстары аяқталғаннан соң жүзеге асырылады.

  Ескерту. 19-3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...19-1 19-2 19-3 19-4 19-5 ...21 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-3-бап Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331