Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Өсiмдiктердi қорғау туралы

Өсiмдiктердi қорғау туралы
19-5-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды аяқтау нысаны



Ст. 19-5 Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331



1. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырудың нәтижелерi бойынша тексеру актiсiн жасайды.

2. Тексеру актiсi үш (Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда - төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргiзген тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы қол қояды.

Актiнiң бiрiншi данасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органға және оның аумақтық органдарына тапсырылады, екiншi данасы тексерiлген жеке немесе заңды тұлғаға қол қойғызылып, берiледi, үшiншiсi тексерген өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторда қалады, ал төртiншiсi мемлекеттiк инспектордың ұйғарымы орындалмаған жағдайда, сотқа талап-арыз ұсыну үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторға жолданады.

Тексерiлген субъектi тексеру актiсiн қабылдаудан бас тартқан жағдайда, акт хабардар етiлетiн тапсырыс хатпен жолданады.

3. Тексеру актiсi нөмiрленген, тiгiлген және уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң мөрiмен бекiтiлген болуға тиiс арнайы тiркеу журналында тiркеледi.

4. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор өз құзыретi шегiнде тексеру нәтижесi бойынша анықталған бұзушылықтардың сипаттамасына байланысты, бұзушылықтарды жою жөнiндегi ұйғарым жасайды, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулы шығарады немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды және сотқа талап жолдайды.

5. Анықталған бұзушылық болмаған жағдайда тексеру актiсiне тиiстi белгi қойылады.  
4-1-тарау. Пестицидтер (улы химикаттар) айналымы
саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары
Ескерту. Заң 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.12.06 № 209 Заңымен.

Статья 1 ...19-3 19-4 19-5 19-6 19-7 ...21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-5-бап Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331