Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 10 Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы


Утратил силу

Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы
10-бап. Iстi қараудың басталуы

1. Уәкiлеттi орган iс қарауды жүргiзудiң басталуы туралы шешiм қабылданған кезден бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде алдағы iс қарау туралы мүдделi тұлғаларға хабарлайды және барлық мүдделi тұлғаларды iс қарауға тарту мақсатында хабарлауды мемлекеттiк тiлде және басқа да тiлдерде бұқаралық ақпарат құралдарында таратады. 2. Хабарлауда: 1) тауарды экспорттаушы мемлекеттiң (мемлекеттердiң) және iс қарау объектiсi болып табылатын тауардың атауы; 2) iстi қарау басталатын күн; 3) iстi қараудың негiздемесi; 4) өтiнiштiң заңдылығын растайтын фактiлердiң қысқаша мазмұны; 5) мүдделi тұлғалар өздерiнiң материалдарын жолдауға тиiс мекен-жай; 6) мүдделi тұлғалар өздерiнiң материалдарын бере алатын мерзiмдер болуға тиiс. 3. Мүдделi тұлғалар мемлекеттiк тiлде немесе уағдаластық бойынша басқа тiлде жазбаша түрде жауап беруге тиiс. 4. Қорғау шараларын ықтимал қолдану мақсатымен iс қарау Қазақстан Республикасының кеден аумағына iс қараудың объектiсi болып табылатын тауарды кедендiк декларациялауға және жiберуге кедергi келтiрмеуге тиiс. 5. Қазақстан Республикасының Үкiметi iстi қараудың басталуы туралы шешiм қабылдаған күннен бастап ол аяқталғанға дейiн сан жөнiнен шектеулер қолданбастан iс қараудың объектiсi болып табылатын тауардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортын лицензиялауды жүзеге асырады.

6. алып тасталды 7. Қорғау шараларын қолдану туралы өтiнiштi қолдаған бiр қазақстандық өндiрушiнiң үлесi ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауардың қазақстандық өндiрiсiнiң отыз бес процентiнен асатын жағдайда не, егер iс қараудың объектiсi болып табылатын тауар импортының жалпы көлемi Қазақстан Республикасының iшкi рыногында ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарды сатудың жалпы көлемiнiң жиырма бес процентiнен кем болса, монополияға қарсы органның аталған шаралардың Қазақстан Республикасының iшкi рыногындағы бәсекеге әсерiнiң салдары туралы қорытындысы болуы қажет.

Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.20 N 443 , 2005.06.16 N 59 , 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...28

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться