Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 221 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
221-бап. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінің ерекшеліктері

1. Денсаулық сақтау жүйесі үшін кәсіптік ғылыми-педагог, медицина және фармацевтика кадрларын, қоғамдық денсаулық мамандарын және өзге де мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінің міндеттері болып табылады. 

2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды уәкілетті орган бекітеді және олар оқу жүктемесінің көлеміне (кредиттер санына) және түлектің құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайды. 

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына сәйкес, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарда белгіленген біліктілік деңгейіне қойылатын талаптарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді. 

Білім беру бағдарламаларының тізбесі денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу және тізілімге енгізу тәртібі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 

3. Дәрігер кадрларды даярлау үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағаннан кейін қорытынды аттестаттаудан өткен түлекке "медицина магистрі" дәрежесі беріледі. Интернатурадағы оқуды аяқтағаннан кейін кәсіптік даярлық бағалауынан өткен түлекке "дәрігер" біліктілігі беріледі. 

Интернатура үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша білім алушыларды даярлау нысаны болып табылады, оның шеңберінде олар тәлімгердің қадағалауымен жалпы медициналық практикадан өтеді, соның нәтижесінде жалпы медицина саласында білім мен клиникалық тәжірибе алады. 

4. Резидентурада оқу кезеңіндегі резидент-дәрігерлерді қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдар үшін мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат, ал медициналық мамандықтар бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты да денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік қызметті жүзеге асыруға негіз болып табылады. 

5. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беру резидентураны, магистратураны және докторантураны қамтиды. 

"Магистр" дәрежесі бар адамдардың клиникалық емес бейіндегі докторантураға түсуге құқығы бар. 

Резидентурада оқуды аяқтаған адамдардың клиникалық бейіндегі докторантураға түсуге құқығы бар. 

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарында резидентура және клиникалық бейіндегі докторантура бағдарламаларын қамтитын үздіксіз жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру бағдарламалары іске асырылуы мүмкін. 

6. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың қосымша білім мен дағдылар көлемін алуы қосымша және формальды емес білім беру арқылы жүзеге асырылады. 

Қосымша білім беру қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен білім беру және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады. 

Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша қосымша білім беруді білім беру және ғылым ұйымдары, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен кәсіптік өзін-өзі реттейтін ұйымдар жүзеге асырады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беруді және медицина қызметкерлеріне формальды емес білім беруді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ұлттық және ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары медициналық колледждер аккредиттелген клиникалық базалардың, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары клиникаларының, университеттік ауруханалардың базасында жүзеге асырады. 

Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру тәртібін, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын уәкілетті орган айқындайды. 

7. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары ғылыми-педагог кадрларды аттестаттау тәртібін және оларға қойылатын талаптарды айқындайды. Ғылыми-педагог кадрларды аттестаттау бес жылда бір реттен сиретпей жүргізілуге тиіс. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары ғылыми-педагог кадрлардың педагогикалық, зерттеу және кәсіптік құзыреттілігін тұрақты арттыруды қамтамасыз етеді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

7-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Мемлекет жүз пайыз қатысатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларының бюджет қаражаты есебінен біліктілігін арттыруға құқығы бар. 

Ескерту. 221-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...219 220 221 222 223 ...276

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться