Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 273 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
273-бап. Медицина қызметкері құпиясы

1. Дербес медициналық деректер, медициналық көмекке жүгіну фактісі, адам денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат және оны зерттеп-қарау және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер медицина қызметкері құпиясын құрайды. 

2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген жағдайлардан басқа кезде, медицина қызметкері құпиясын құрайтын мәліметтерді оқу, кәсіптік, қызметтік және өзге де міндеттерді орындау кезінде бұлар өзіне белгілі болған адамдардың жария етуіне жол берілмейді.  

3. Пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен медицина қызметкері құпиясын құрайтын мәліметтерді ғылыми зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқу процесінде пайдалану үшін беруге жол беріледі. 

4. Медицина қызметкері құпиясын құрайтын мәліметтерді адамның келісімінсіз беруге мынадай жағдайларда: 

1) заңды өкілі болмаған жағдайда, өзінің жай-күйіне байланысты өз еркін білдіруге қабілетсіз адамды зерттеп-қарау және емдеу мақсатында; 

2) айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралу қатері кезінде, оның ішінде қан, оның компоненттерінің донорлығы, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау кезінде; 

3) тергеп-тексеру немесе сот талқылауын жүргізуге байланысты анықтау және алдын ала тергеу органдарының, прокурордың, адвокаттың және (немесе) соттың сұрау салуы бойынша; 

4) кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз адамға медициналық көмек көрсету кезінде оның заңды өкіліне хабар беру үшін; 

5) Қазақстан Республикасы азаматының денсаулығына зиян құқыққа қарсы іс-әрекеттер салдарынан келтірілді деп ұйғаруға негіздер болған кезде; 

6) адамның психикалық ауытқушылықтары мен сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділігі анықталған кезде; 

7) медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасына мемлекеттік бақылау, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу кезінде; 

8) "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен прокуратура органдары тексерулер жүргізу кезінде; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

9) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9) қарсы барлау қызметінің міндеттерін шешу мақсатында арнаулы мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша жол беріледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

10) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Мыналар медицина қызметкері құпиясын жария ету болып табылмайды: 

1) электрондық ақпараттық ресурстың резервтік көшірмесін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке және мерзімдерге сәйкес электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына сақтауға беру, бұған мұндай электрондық ақпараттық ресурстар барлау, қарсы барлау қызметімен және күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларымен байланысты, берілуі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ақпаратты қамтитын жағдайлар кірмейді; 

2) медициналық көмек көрсету және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметін жүзеге асыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып ақпарат алмасу. 

6. Қан мен оның компоненттерінің, ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) донорлығымен, сондай-ақ құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың туберкулезбен ауыратын немесе бұрын ауырған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар есепте тұрған адамдардың жай-күйі туралы медициналық құпияны құрайтын электрондық құжат нысанындағы ақпаратты беру жөніндегі сұрау салуларымен байланысты жағдайлардан басқа кезде, олардың жеке өміріне қатысты дербес медициналық деректерді пайдаланғанда, жеке тұлғалардың дербес медициналық деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды басқа дерекқорлармен байланыстыратын телекоммуникация желілеріне жеке тұлғалардың келісімінсіз қосуға жол берілмейді.  

7. Пациенттің денсаулығы туралы деректер медицина қызметкеріне қатысы жоқ себептер бойынша жалпыға қолжетімді болған жағдайлар медицина қызметкері құпиясын бұзу болып табылмайды. 

Ескерту. 273-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...271 272 273 274 275 276

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться