Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
87-бап. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз етудің кепілдіктері

Ст. 87 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына: 

1) денсаулық сақтау құқығына; 

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілуіне; 

3) медициналық көмекке бірдей қол жеткізуіне; 

4) медициналық көмектің сапасына; 

5) дәрілік заттардың қолжетімділігіне, сапасына, тиімділігі мен қауіпсіздігіне; 

6) аурулардың профилактикасы, саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуіне; 

7) жеке өмірге қол сұғылмауына, дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуына; 

8) ұрпақты болуды таңдау еркіндігіне, ұрпақты болу денсаулығын сақтауға және ұрпақты болу құқықтарының сақталуына; 

9) санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық саламаттылыққа және радиациялық қауіпсіздікке кепілдік береді.
Статья 1 ...85 86 87 88 89 ...186

Перейти к статье






Добавить комментарий к 87-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV