Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Астық туралы
13-1-бап. Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу



Ст. 13-1 Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143



1. Тізілімді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен құқық және жер кадастрларының деректері, рұқсаттар мен хабарламалар, жеке және заңды тұлғаларды тіркеу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы орталық атқарушы органдардың, басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметтері негізінде тіркеуші қалыптастырады және жүргізеді.

Астық қолхаттарын шығару, олардың айналымы және оларды өтеу тәртібі, тізілімге қолжетімділікті беру тәртібі Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында айқындалады.

Тізілімге деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін тиісті уәкілетті органдар белгілейді.

2. Тізілім деректері мемлекетке тиесілі.

Тізілімді пайдаланушылар үшін оның деректеріне қолжетімділікті тіркеуші ақпараттық жүйенің веб-порталы арқылы қамтамасыз етеді.

3. Тізілім деректерін уәкілетті орган және облыстардың жергілікті атқарушы органдары астық нарығы мониторингін жүзеге асыру үшін пайдаланады.

4. Тіркеушінің функциялары:

1) ақпараттық жүйе арқылы тізілім деректерін қалыптастыру, жүргізу және сақтау;

2) клиенттің жеке шотын ашу;

3) жеке шот бойынша жекелеген операцияларды тіркеу;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпараттық жүйеге қосылған мәліметтерді алу құқығына ие мемлекеттік органдарға ақпарат ұсыну;

5) ақпараттық жүйені пайдаланушыларға ақылы электрондық қызметтер көрсету;

6) ақпараттық жүйенің веб-порталында ақпаратты жариялау;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.

 Ескерту. 5-тарау 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 09.04.2016 № 502-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...12-3 13 13-1 14 15 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-1-бап Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143