Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Астық туралы
17-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн реттеу тәсiлдерi



Ст. 17 Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143



 Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету, астық иелерінің мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде астық қабылдау кәсіпорындарының саралану талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу:

1) белгiленген тәртiппен астық қабылдау кәсiпорындары орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығару;

2) астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын сақтау нысанасындағы қызметiн, сондай-ақ астық қолхаттары тiзiлiмiнiң деректерiне сәйкес астықтың сандық-сапалық есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етудi жүргізу талаптарын инспекциялау (тексеру);

3) астық қабылдау кәсiпорындарына, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарына заңдарға сәйкес санкциялар салу арқылы жүзеге асырылады.

4) алып тасталды

Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. № 488 Заңымен, 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. № 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. № 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...16 16-1 17 18 19 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-бап Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143