Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Астық туралы

Астық туралы
28-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару



Ст. 28 Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143



1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында олар жөнiнде әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдық- техникалық және басқа да iс-шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлеп жүргiзу болып табылады.

2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мынадай фактілердің бірі анықталған кезде сот шешімімен енгізіледі:

1) астық сақтау жөнiндегi шарттық мiндеттемелердi үнемi тиiсiнше орындамауы;

2) астық қолхаттарымен қамтамасыз етілген астық мөлшерінің астық қабылдау кәсіпорнында сақтаулы астықтың нақты мөлшерінен асып кету.

3. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды уақытша басқару жөнiндегi комиссия мен уақытша әкiмшiлiк жүзеге асырады.

4. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорнының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

5. Уақытша басқару кезеңiнде заңсыз әрекеттермен астық қабылдау кәсiпорнына келтiрген залал үшiн уақытша басқару жөнiндегi комиссияның мүшелерi, уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауапты болады.

Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.10.13. N 488, 2007.07.26. № 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...26 27 28 29 30 ...42 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 28-бап Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143