Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Астық туралы

Астық туралы
37-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) иелiктен шығару ерекшелiктерi



Ст. 37 Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143



1. Астық қабылдау кәсiпорнының астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) бөлiнбейтiн мүлiк болып табылады және сатып алушының (алушының) оны астық сақтау мақсаты үшiн пайдалану шарты бойынша бiрыңғай кешенмен иелiктен шығарылады.

 2. Астық қабылдау кәсiпорны астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) сатуға кемінде екi ай қалғанда ақпараттық жүйенің веб-порталында ақпаратты жариялау үшін тіркеушіні мүлiктік кешеннің иелiктен шығарылатыны туралы жазбаша хабардар етуге, сондай-ақ республикалық баспасөз басылымдарында мемлекеттiк және орыс тілдерінде бұл туралы хабарландыру беруге тиіс.

3. Астық қабылдау кәсiпорны мүлiктiк кешендi иелiктен шығарған жағдайда астық қолхаттарын ұстаушыда сақтау шартын мерзiмiнен бұрын бұзу және астықты белгiленген тәртiппен алу не астық қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктiнiң) бұрынғы иесiмен жасасқан шарт талабымен бiрдей астық қоймасының жаңа иесiмен де қайта шарт жасасу құқығы сақталады.

4. Астық қабылдау кәсiпорнының осы баптың 1-3-тармақтарын бұза отырып жасаған астық қоймаларын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) сату жөнiндегi мәмiлелерiн астық қолхаттарын ұстаушылар мен өзге де мүдделi тұлғалардың талап-арызы бойынша сот заңсыз деп тануы мүмкiн.

5. Астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) иеленген не оны сот шешімінің, төрелік шешімнің орындау тәртiбiмен алған адам бұрынғы астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхатынан туындайтын мiндеттемелер бойынша астықты қабылдау-өткiзу жөнiндегi комиссия жасаған астық қалдықтарын түгендеу актiсiнде белгiленген мөлшерде жауапты болады.

Егер астық қалдықтарын түгендеу актiсi жасалмаған болса, астық қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктiнiң) жаңа иесi бұрынғы астық қабылдау кәсiпорны берген барлық астық қолхаттары бойынша жауапты болады.

Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.10.13. № 488 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 502-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...35 36 37 38 39 ...42 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 37-бап Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143