Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Темiр жол көлiгi туралы

Темiр жол көлiгi туралы
88-бап. Жүк жөнелтушiнi, жүк алушыны жауапкершiлiктен босату



Ст. 88 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266




Жүк жөнелтушi немесе жүк алушы, оның ішінде əскери тасымалдарды орындау кезінде, осы Заңның 86-бабының 2-тармағында көрсетiлген негiздерден басқа, мынадай: 

1) өзiнiң алдын ала келiсiмiнсiз берiлген вагондар, контейнерлер пайдаланылмаған;  

2) онкүндiктiң жекелеген күндерiнде жүктiң жол берiлген кем тиелуiн осы күнтiзбелiк онкүндiк iшiнде тасымалдаушының келiсiмiмен толтырған;  

3) тығыздап тиеу нәтижесiнде вагондарды, контейнерлердi өтiнiмде көзделген мөлшерден аз пайдаланған;  

4) тасымалдаушыны вагондарды, контейнерлердi пайдаланбайтыны туралы – тиейтiн күнге дейін кемінде жеті тəулiк бұрын, ал əскери тасымалдар бойынша тиейтін күні хабардар еткен жағдайларда жауапкершіліктен босатылады. 

Ескерту. 88-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-1-тарау. Темiржол көлiгi саласындағы
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру


Ескерту. 10-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...86 87 88 88‑1 88‑2 ...97

Перейти к статье







Добавить комментарий к 88-бап Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266