Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұрғын үй қатынастары туралы

Тұрғын үй қатынастары туралы
56-бап. Тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативiнiң Жарғысы



Ст. 56 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94



1. Тұрғын үй және тұрғын үй құрылыс кооперативтерi кооператив мүшелерiнiң жалпы құрылтай жиналысында қабылданған Жарғы негiзiнде жұмыс iстейдi.

Жиналысқа кооператив мүшелiгiне кiретiн адамдардың немесе олар сенiм бiлдiрген адамдардың кемiнде үштен екiсi қатысуға тиiс.

Жарғы жалпы құрылтай жиналысына қатысушылардың үштен екi көпшiлiк даусымен қабылдануы мүмкiн.

2. Кооператив Жарғысында:

1) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 41 және 108-баптарында белгiленген мәлiметтер;

2) кiру жарналары мен өзге де жарналардың мөлшерi;

3) тұрғын үй-жайларды жалға берудiң немесе оны тұрғын үй емес мақсатта пайдаланудың тәртiбi;

4) тұрғын үй-жайларға уақытша тұрғындарды тұрғызу шарттары;

5) жиналған пайды бөлген ретте тұрғын үй-жайларды пайдалану тәртiбi;

6) кооператив мүшесiнiң құқықтары мен мiндеттерiн басқа адамдарға берудiң тәртiбi мен шарттары;

7) үйдегi тұрғын үй-жайларды пайдаланудың өзге де шарттары көзделуге тиiс.

Статья 1 ...54 55 56 57 58 ...121 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 56-бап Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94