Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы
5-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінің түрлері



Ст. 5 Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 110



1. Қаржы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясына сәйкес мыналар:  

1) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар (депозиттер) қабылдау, салымшылардың шоттарын ашу және жүргізу;  

2) тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнiндегi іс-шараларды жүргізу үшін салымшыларға тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдарын беру тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінiң негізгi түрлері болып табылады.  

2. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктерi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызметтің негізгі түрінен басқа Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігi болып табылатын және (немесе) тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясына сәйкес операциялардың басқа түрлерiн жүзеге асыруға құқылы, оларға:  

1) кассалық операциялар - қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта есептеуді, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында және 2-тармағының 2), 6) тармақшаларында көрсетілген банк операцияларының бірін жүзеге асыру кезінде оны қабылдау және беру;  

2) аударым операциялары – жеке және заңды тұлғалардың төлемдер мен ақша аударымдары жөнiндегi тапсырмаларын орындау;

3) алып тасталды  

4) жеке меншiк бағалы қағаздарды эмиссиялау (акцияларды қоспағанда);  

5) сейфтік операциялар - сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға берудi қоса алғанда клиенттердiң құжаттық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен бағалы заттарын сақтау жөнінде көрсетілетiн қызметтер;  

6) шетелдiк валютаны айырбастау операцияларын ұйымдастыру; 

7) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу жатады.

Сондай-ақ тұрғын үй құрылысы жинақ банктері Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес дилерлік қызметтi жүзеге асыруға құқылы. 

3. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктері Қазақстан Республикасының банк заңнамасында екінші деңгейдегі банктер үшін көзделген, лицензияның болуын талап етпейтін қызмет түрлерімен айналысуға құқылы.

Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.04.14. N 43, өзгеріс енгізілді - 2007.07.02. N 272, 2012.07.05. N 27-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...13 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 110