Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы
15-бап. Аймақтық деңгейде әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу үшiн қажеттi құжаттар мен материалдардың тiзбегi



Ст. 15 Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200



Аймақтық деңгейде әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу үшiн:

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi немесе облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың мәселенi өз мәнiсiнде шешетiн (бiрлескен) ұсынымы;

2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң енгiзiлетiн ұсыныс жөнiндегi тиiстi өтiнiшi және оның тиiмдi екендiгiнiң негiздемесi, өзгертiлетiн аумақтың көлемi, онда тұратын халықтың саны туралы мәлiметтер, негiзгi заңды тұлғалардың тiзбесi, олардың өндiрiстiк көрсеткiштерi, бұлардың әрқайсысында iстейтiн жұмысшылардың саны, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құрылымы мен штаттары туралы, қайта ұйымдастыруға байланысты олардың өзгеруi туралы мәселенi өз мәнiсiнде шешу үшiн қажеттi барлық басқа мәлiметтерi бар ұсынымы;

3) жергiлiктi (облыстық, аудандық, қалалық) өкiлдi және атқарушы органдардың, кенттер, ауылдар , ауылдық округтер әкiмдерiнiң қаралатын мәселе жөнiндегi ұсыныстары;

4) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жаңа шекаралары, мәселенi өз мәнiсiнде шешу үшiн маңызы бар өзге де жағырапиялық деректер көрсетiлген схемалық карта қажет. Картаға Үкiметiнiң өкiлi, сондай-ақ аумақтық қабылдайтын және беретiн өкiлдi және атқарушы органдардың басшылары қол қояды, қойылған қолдар мөрмен куәландырылады;

5) жүргiзiлетiн қайта құрулар мен аттарын өзгерту жөнiндегi ғылыми сараптаманың актiсi және экономикалық есеп-қисап қажет.

Ескерту. 15-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 19.12.1995 № 2691 Жарлығымен; 09.02.2009 № 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...14 14-1 15 16 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200