Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 160 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.12.2018

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
160-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк монополия туралы заңнамасын бұзу

1. Мемлекеттiк монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк монополия туралы заңнамасында белгiленген шектеулердi сақтамауы –  

үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Мемлекеттiк монополия саласына жатқызылған қызметті уәкілеттік берілмеген тұлғаның жүзеге асыруы –  

әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралы тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 160-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...158 159 160 161 162 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 160-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V