Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
275-бап. Салық салу объектiлерiн жасыру



Ст. 275 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн жасыруы –

жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының бір жүз елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының екі жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

РҚАО-ның ескертпесі!

275-бапты 3 және 4-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

Ескертпе жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін салық салу объектiлерiн жасыру деп салық төлеушінің Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамауы да түсініледі.

Статья 1 ...273 274 275 276 277 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 275-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V