Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
385-бап. Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бұзу



Ст. 385 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын: 

1) аңшылық алқаптарда болуды заңсыз шектеу; 

2) аң аулаудың тыйым салынған түрлерін, тәсілдерін және мерзімдерін қолдану; 

3) бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда және балық шаруашылығының су айдындарында жануарлар дүниесін қорғауды, молайтуды және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз етпеу түрінде жасалған бұзушылық, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –  

жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде үш және одан да көп рет қайталап жасалған әрекет, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –  

жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не аңшылық шаруашылық жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.

Статья 1 ...383 384 385 386 387 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 385-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V