Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
545-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзген кезде тыйым салулар мен шектеулерді қолдану тәртiбiн сақтамау

Ст. 545 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тыйым салулар мен шектеулерді сақтамай, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзу – 

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар және (немесе) көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

Ескерту. 545-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...543 544 545 546 547 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 545-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V