Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
548-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылауға соқпай өткiзу



Ст. 548 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылауға соқпай өткiзу, яғни тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізудің Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары айқындаған орындардан тыс жерде немесе көрсетілген орындарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарының жұмыс уақытынан тыс кезде өткiзу, қылмыс белгілері болмаған кезде – 

жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – 

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 548-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...546 547 548 549 550 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 548-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V