Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
799-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi алып қою



Ст. 799 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V




Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған, заңды тұлғаға тиесiлi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге де мүлiкті қарап-тексеруді жүргiзу кезiнде табылған құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi, нәрселерді алып қоюды осы Кодекстiң 804-бабында аталған лауазымды адамдар, сондай-ақ осы Кодекстiң 235, 236, 237, 416-баптары бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасауға құқығы бар уәкiлеттi лауазымды адамдар жүзеге асырады. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi алып қоюды ресiмдеу, сондай-ақ оларды сақтау осы Кодекстiң 795-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.


Статья 1 ...797 798 799 800 801 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 799-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V