Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 801 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
801-бап. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасағаны үшін қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру не оған тыйым салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін, ол туралы хаттама жасауға осы Кодекстің 804-бабына сәйкес уәкiлеттiк берілген лауазымды адам қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұруды не оған тыйым салуды жүзеге асырады. Қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұруға не оған тыйым салуға үш тәуліктен аспайтын мерзімге жол беріледі. Көрсетілген мерзімде орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды сотқа, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) жіберуге міндетті. 

2. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы акт жасалады, онда осы шараны қолданудың негізі, оның жасалған күні мен орны, акт жасаған лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға туралы мәліметтер, қызметіне уақытша тыйым салынған қызмет объектісі, қызметтің нақты тоқтатылған уақыты, тұлғаның түсініктемесі және істі дұрыс шешу үшін қажетті өзге де деректер көрсетіледі. Бұл ретте қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы акт іс бойынша шешім шығарылғанға дейін қолданылады. 

3. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіге оны жасаған лауазымды адам, қызметі уақытша тоқтатылған жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қояды. Егер аталған тұлғалардың біреуі актіге қол қоймаған жағдайда, лауазымды адам бұл жөнінде актіде тиісті жазба жасайды. 

4. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актінің көшірмесі қызметі уақытша тоқтатылған тұлғаға қолхатпен тапсырылады. 

5. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні жасаған лауазымды адам пломбаларды салуды, үй-жайларға, тауарлар мен өзге де материалдық құндылықтар сақталатын орындарға, кассаларға мөр басуды жасайды, сондай-ақ актіде көрсетілген тұлғалардың қызметті уақытша тоқтатуға қажетті іс-шараларды орындау бойынша басқа да іс-шаралар қолданылады. 

Ескерту. 801-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

41-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕРДІ ҚОЗҒАУ

Статья 1 ...799 800 801 802 803 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться