Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 81 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2019

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
81-бап. Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзуы

1. Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзуы –

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет –

жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. 81-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...79 80 81 82 82‑1 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 81-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V