Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 80 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2019

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
80-бап. Медициналық көмек көрсету тәртiбiн, стандарттарын сақтамау және оны сапасыз көрсету

1. Алып тасталды - ҚР 28.12.2018 № 208-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Алып тасталды - ҚР 28.12.2018 № 208-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Медицина қызметкерiнiң медициналық көмек көрсету тәртiбiн, стандарттарын сақтамау, кәсiптiк мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, егер бұл денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқса, –

жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшіншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. 80-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...78 79 80 81 82 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 80-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V