Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
820-1-бап. Сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен түсіріп алу



Ст. 820-1 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V




1. Сот отырысы барысын түсіріп алу аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен түсіріп алуды сот отырысының хатшысы жүзеге асырады. 

Жабдықтардың техникалық ақауы болған, жабдықтар болмаған немесе техникалық себептерге байланысты оны қолдану мүмкін болмаған жағдайларда сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен тіркеу жүзеге асырылмайды. Аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланудың мүмкін болмауы сот отырысын жалғастыруды жоққа шығармайды. 

Аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда сот отырысының хатшысы сот отырысының хаттамасында аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланбау себептерін міндетті түрде көрсете отырып бұл туралы сотқа баяндайды. 

2. Істі талқылауды аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып, түсіріп алған жағдайда сот отырысының хатшысы жазбаша түрде қысқаша хаттама жасайды. 

Сот отырысының қысқаша хаттамасында: 

1) отырыстың орны мен датасы, оның басталу мен аяқталу уақыты; 

2) іс қаралып жатқан тұлға туралы мәлімет: жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған датасы, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәлімет, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін – атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен датасы, сәйкестендіру нөмірі мен банктік деректемелері; 

3) судья, сот отырысы хатшысының лауазымдары, тектері, аты-жөндері; 

4) соттың аудио-, бейнежазба құралдарын қолдануы туралы мәліметтер; 

5) аудио-, бейнежазба бар файлдың атауы; 

6) істі қарауға қатысушы тұлғалардың келуі туралы, қатыспаған тұлғаларды белгіленген тәртіппен хабардар ету туралы мәліметтер; 

7) сот отырысы барысында шығарылған қаулыға сілтеме, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот шешімі, оған шағым жасау мерзімі мен тәртібін түсіндіру; 

8) қаралған материалдар мен құжаттар; 

9) аудио-, бейнежазбамен, сот отырысы хаттамасымен танысу және оларға ескертулер жасау мерзімін түсіндіру көрсетіледі. 

Қысқаша хаттаманы судья мен сот отырысының хатшысы істі қараған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей жасайды, қол қояды. 

Аудио-, бейнежазбасы бар материалдық жеткізгіш пен сот отырысының қысқаша хаттамасы іс материалдарына қоса тіркеледі. 

3. Судья әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша істің басқа қатысушыларының аудио-, бейнежазбамен, сот отырысының қысқаша хаттамасымен танысу және оған қол қойғаннан кейін үш тәулік ішінде сот отырысының аудио-, бейнежазбасының, қаулысының жасалуының толықтығы мен анықтығына қатысты өз ескертулерін беру мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. 

4. Сот отырысының аудио-, бейнежазбасы мен сот отырысының қысқаша хаттамасына ескертулерді судья осы Кодекстің 820-бабының алтыншы және жетінші бөліктерінде белгіленген тәртіппен қарайды. 

5. Сот отырыстарының аудио-, бейнежазбасы сот талқылауы барысын дәл түсіріп алу үшін, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізуде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде не тәртіптік іс бойынша іс жүргізу шеңберінде сот ісін жүргізу мақсатында ғана пайдаланылады. 

Сот отырысы барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау мен жою тәртібін, сондай-ақ аудио-, бейнежазбаға қолжетімділік тәртібін соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган осы Кодекстің талаптарын ескере отырып айқындайды. 

Ескерту. 43-тарау 820-1-баппен толықтырылды - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...819 820 820-1 821 822 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 820-1-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V