Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 83 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
83-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасын бұзу

1. Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын: 

1) мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпеу; 

2) мүгедектердің мәдени ойын-сауық іс-шараларына қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеу; 

3) жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертігуге ұшыраған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерді кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді жұмыс берушінің сақтамауы түрінде жасалған бұзушылық – 

лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – 

лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік оңалту түрлерімен қамтамасыз етпеу – 

лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 83-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...82 82‑1 83 84 85 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 83-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V