Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 839 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
839-бап. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша шешiм

1. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарап, сот мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды: 

1) қаулыны – өзгеріссіз, ал шағымды, апелляциялық өтінішхатты қанағаттандырусыз қалдыру туралы; 

2) қаулыны өзгерту туралы; 

3) осы Кодекстiң 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулы шығарылғанда негізге алынған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қаулының күшiн жою және iстi тоқтату туралы; 

4) iс бойынша қаулының күшiн жою және жаңа қаулы шығару туралы.  

2. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша шешім қабылданғаннан кейін дереу жария етіледі және шағым, апелляциялық өтінішхат бойынша осы Кодекстiң 822-бабына сәйкес ресімделген қаулы түрiнде шығарылады.  

3. Апелляциялық тәртіппен шығарылған сот қаулысына осы Кодекстің 46-тарауында көзделген тәртiппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкiн. 

Ескерту. 839-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...837 838 839 840 841 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 839-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V