Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 840 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
840-бап. Сот қаулысының күшiн жою немесе оны өзгерту негiздерi

Ескерту. 840-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Сот қаулысының күшiн жоюға не оны өзгертуге және қаулы шығаруға мыналар: 

1) судьяның сот қаулысында жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi; 

2) әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылмауы; 

3) осы Кодекстiң процестік нормаларының елеулi түрде бұзылуы; 

4) қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмеуi негіздер болып табылады. 

Ескерту. 840-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...838 839 840 841 842 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 840-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V