Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы

Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы
20-6-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімдер



Ст. 20-6 Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107



1. Шағымды мәні бойынша қарау аяқталған соң жазбаша нысанда уәжді шешім шығарылады, ол шағым берген тұлғаға жіберіледі немесе тапсырылады, ал шешімнің көшірмесі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға немесе актісіне (шешіміне) шағым жасалып отырған мемлекеттік органға жіберіледі.

2. Шағымды қарау нәтижесінде шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы не шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдануы мүмкін. Бұл ретте, егер бұл шағым берген тұлғаның немесе мүддесіне орай берілген тұлғаның жағдайын нашарлатуға әкеп соқса, бұрын шығарылған шешім өзгертілмейді.

3. Шағым берген тұлға шағым бойынша қабылданған шешім туралы және оған одан әрі шағым жасау тәртібі туралы хабардар етілуге тиіс. Шағымды қанағаттандырудан бас тарту уәжді болуға тиіс.

Статья 1 ...20-4 20-5 20-6 20-7 21 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-6-бап Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107