Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы
16-бап. Аккредиттеу алдындағы шарт



Ст. 16 Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы от 5 июля 2008 года N 61-IV



1. Аккредиттеу алдындағы шарт аккредиттеу жөніндегі орган мен өтініш беруші арасында жасалады.

2. Аккредиттеу алдындағы шарттың елеулі талаптары:

1) шарттың мәні;

2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

3) жұмыстардың құны;

4) тараптардың жауаптылығы болып табылады.

3. Аккредиттеу алдындағы үлгі шартты уәкілетті орган бекітеді.

4. Аккредиттеу алдындағы шартты тоқтатуға мынадай жағдайлар:

1) заңды тұлғаның таратылуы;

2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шартты бұзу;

3) құжаттарға сараптама жасау кезінде немесе өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексерген кезде анықталған сәйкессіздіктерді аккредиттеу жөніндегі орган белгілеген мерзімде жоймауы;

4) аккредиттеу жөніндегі органның құжаттарға қайта сараптама жасаған кезде немесе өтініш берушіні орналасқан жері бойынша қайта тексерген кезде тиісінше сарапшы-аудитордың алғашқы қорытындысындағы немесе тексеру жөніндегі топтың есебінде көрсетілген сәйкессіздіктерді анықтауы;

5) аккредиттеу жөніндегі органның аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдауы негіз болып табылады.

Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы от 5 июля 2008 года N 61-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 16-бап Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы от 5 июля 2008 года N 61-IV