Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы
15-бап. Өтінімді ұсыну және оны қарау



Ст. 15 Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы от 5 июля 2008 года N 61-IV



1. Өтініш беруші аккредиттеу жөніндегі органға мынадай құжаттар ұсынады:

1) аккредиттеуге өтінім;

2) өтініш берушінің заңды мәртебесін анықтайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;  

3) мәлімделетін аккредиттеу саласының қағаздағы және электрондық жеткізгіштері;

3-1) сапа жөніндегі нұсқаулық;

4) сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханаларына (орталықтарына), өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған паспорт;

5) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындайтын персонал туралы мәліметтер (сәйкестікті растау жөніндегі органдар үшін).

Өтініш беруші өзі таңдап алған нормативтік құжатқа байланысты тиісті ақпарат ұсынады.

Өтінімді қоспағанда, құжаттардың барлығы екі данада ұсынылады.

2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.

3. Егер өтінім және (немесе) оған қоса берілген құжаттар белгіленген нысанға сәйкес келмеген не толық көлемде ұсынылмаған жағдайда аккредиттеу жөніндегі орган құжаттарды қайтарудың себептерін көрсете отырып, олардың түскен күнінен бастап есептелетін бес жұмыс күні ішінде почта арқылы өтiнiш берушiге қайтарады не оның өкіліне қолын қойғызып, қолма-қол табыс етеді.

 Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы от 5 июля 2008 года N 61-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы от 5 июля 2008 года N 61-IV