Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы
24-бап. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімі



Ст. 24 Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы от 5 июля 2008 года N 61-IV




1. Аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектілерінің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді.

2. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімі:

1) осы Заңның 21-бабының 5-тармағында көрсетілген мәліметтерді;

2) аккредиттеу саласына кіретін сәйкестікті бағалау объектілерін;

3) аккредиттеу субъектісі басшысының тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болған жағдайда);

4) аккредиттеу аттестатының қайта ресімделген күні мен оның негізі;

5) аккредиттеу материалдарын жаңарту күнін, негізін және жаңартылған аккредиттеу материалдары туралы ақпаратты;

6) инспекциялық тексерулер жүргізілген күнді және нәтижелерін;

7) аккредиттеу аттестатын аккредиттеу жөніндегі органның кері қайтарып алған және қайтарған күні мен негіздемесін;

8) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған күні мен негіздемесін;

9) аккредиттеу аттестатының жойылған күнін;

10) аккредиттеу аттестатынан айыру күні мен негіздемесін;

11) аккредиттеу аттестатының телнұсқасын беру туралы белгіні қамтуға тиіс.

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпарат негіздемелер туындаған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізіледі.

4. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде қамтылған ақпарат онымен жеке және заңды тұлғалар танысу үшін ашық болып табылады.


Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы от 5 июля 2008 года N 61-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 24-бап Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы от 5 июля 2008 года N 61-IV