Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 12 Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

Акционерлiк қоғамдар туралы
12-бап. Қоғамның бағалы қағаздары туралы жалпы ережелер

1. Қоғам жай акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.  

2. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың артықшылықты акциялар шығаруға құқығы жоқ.  

3. Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы өкілі арқылы акциямен куәландырылған құқықтарды пайдаланады.  

4. Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, акцияның бір түрі оны иеленетін әрбір акционерге осындай акциялар түрінің басқа иелерімен бірдей көлемде құқықтар береді.  

5. Қазақстан Республикасының заң актілерінде:  

1) қоғамның акцияларымен мәмілелер жасасуға;  

2) қоғамның бір акционерге тиесілі акцияларының ең көп мөлшеріне;  

3) қоғамның акциялары бойынша бір акционерге берілетін ең көп дауыс санына шектеулер белгіленуі мүмкін.  

6. Қоғам басқа да бағалы қағаздар шығаруға құқылы, оларды шығару, орналастыру, айналысқа салу және өтеу талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгіленеді.
Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...91

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415