Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 39 Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

Акционерлiк қоғамдар туралы
39-бап. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі

1. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімін қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiндегi деректер негізінде қоғамның тіркеушісі жасайды. Аталған тізімді жасау күні жалпы жиналысты өткізу туралы шешім қабылданған күннен ерте белгіленбеуі керек.  

Акционерлердің тізіміне енгізілуге тиісті мәліметтерді уәкілетті орган белгілейді.  

2. Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердiң тiзiмi жасалғаннан кейiн, осы тiзiмге енгiзiлген тұлға қоғамның оған тиесілі дауыс беретін акцияларын иеліктен айырса, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл орайда акцияға меншік құқығын растайтын құжаттар табыс етілуге тиіс.  

Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Статья 1 ...37 38 39 40 41 ...91

Перейти к статье






Добавить комментарий к 39-бап Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415