Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 80 Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

Акционерлiк қоғамдар туралы
80-бап. Қоғамның құжаттары

1. Қоғамның өз қызметіне қатысты құжаттарды қоғам өзі қызмет еткен бүкіл мерзім ішінде қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде немесе оның жарғысында белгіленген өзге де жерде сақтауға тиіс.  

Мына құжаттар: 

1) қоғамның жарғысы, қоғам жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар; 

2) құрылтай жиналысының хаттамалары; 

3) құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешімі), құрылтай шартына (жалғыз құрылтайшының шешіміне) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар; 

4) алынып тасталды - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; 

5) алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен; 

6) қоғамның белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуына және (немесе) белгілі бір әрекеттер (операциялар) жасауына рұқсаттар; 

7) қоғамның өз балансында тұратын (тұрған) мүлікке құқығын растайтын құжаттар; 

8) қоғамның бағалы қағаздарын шығару проспектілері; 

9) қоғамның бағалы қағаздар шығаруын мемлекеттік тіркеуді, бағалы қағаздардың күшін жоюды растайтын құжаттар, сондай-ақ қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру мен өтеу қорытындылары туралы уәкілетті органға табыс еткен есептерін бекіту; 

10) қоғамның филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже; 

11) акционерлердің жалпы жиналыстарының хаттамалары, дауыс беру қорытындылары туралы хаттамалар мен бюллетеньдер (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер), акционерлердің жалпы жиналыстарының күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі материалдар; 

12) акционерлердің жалпы жиналысын өткізу үшін табыс етілген акционерлер тізімі; 

13) директорлар кеңесі отырыстарының (сырттай өткізілген отырыстар шешімдерінің) хаттамалары мен бюллетеньдер (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер), директорлар кеңесінің күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі материалдар; 

14) атқарушы орган отырыстарының (шешімдерінің) хаттамалары; 

15) бар болған жағдайда, корпоративтік басқару кодексі сақталуға тиіс. 

2. Өзге құжаттар, оның ішінде қоғамның қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген мерзім ішінде сақталады. 

3. Акционердің талап етуі бойынша қоғам оған осы Заңда көзделген құжаттардың көшірмесін қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен, бірақ қоғамға осындай талап келіп түскен күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей беруге міндетті, бұл орайда қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты беруге шектеулер енгізуге жол беріледі.  

Құжаттардың көшірмелерін беру үшін төленетін ақы мөлшерін қоғам белгілейді және ол құжаттардың көшірмелерін дайындауға жұмсалған шығыстар құны мен құжаттарды акционерге жеткізіп беруге байланысты шығыстарды төлеу ақысынан аспауы керек.  

Қоғамның қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпарат қамтылған бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және айырбастаудың жекелеген мәселелерін регламенттейтін құжаттар оның талабы бойынша танысу үшін акционерге берілуге тиіс.  

Ескерту. 80-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-тарау. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату

Статья 1 ...78 79 80 81 82 ...91

Перейти к статье






Добавить комментарий к 80-бап Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415