Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Демпингке қарсы шаралар туралы
31-бап. Демпингке қарсы шаралар енгiзу немесе демпингке қарсы iстiң қаралуын оларды енгiзбей тоқтату туралы қорытынды



Ст. 31 Демпингке қарсы шаралар туралы



1. Демпингтiң, материалдық залалдың және олардың арасында себеп-салдарлы байланыстың болуын анықтау жөнiнде уәкiлеттi орган жүргiзетiн демпингке қарсы iстi қарау Қазақстан Республикасының Yкiметiне жiберiлетiн: 1) демпингке қарсы iстiң қаралуын шаралар қолданбай тоқтату туралы; 2) экспорттаушының және (немесе) өндiрушiнiң баға бойынша мiндеттеме қабылдауы туралы; 3) демпингке қарсы баж енгiзу туралы қорытынды әзiрлеумен аяқталады. 2. Демпингке қарсы iстi қарауды уәкiлеттi орган, егер: 1) демпингтiң немесе материалдық залалдың немесе оның келтiру қаупiнiң жеткiлiктi дәлелдемелерi болмаса; 2) демпингтiк айырма экспорттық бағаның екi процентiнен кем болса немесе демпингтiк импорттың (нақты немесе ықтимал) көлемi не материалдық залалдың немесе оны келтiру қаупiнiң мөлшерi осы Заңның ережелерiне сәйкес болмашы болса, демпингке қарсы шаралар енгiзбей тоқтатады. 3. Iстiң қаралуын демпингке қарсы шаралар енгiзбей тоқтату туралы хабарлама ресми басылымдарда жарияланады. 4. Демпингке қарсы шаралар енгiзу туралы хабарлама ресми басылымдарда жарияланады және ол осы Заңның құпия ақпаратқа қойылатын талаптарын ескере отырып, демпингке қарсы баждарды енгiзу үшiн фактiлер мен құқықтық нормаларға қатысты iстi қарауға жататын барлық ақпаратты, сондай-ақ демпингке қарсы iстi қарау барысында өнiм берушiлер мен мүдделi тұлғалар табыс еткен жазбаша дәлелдемелер мен талаптарды қабылдау немесе қабылдамау себептерiн қамтиды.

Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.09. N 114 Заңымен.

Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...43 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Демпингке қарсы шаралар туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 31-бап Демпингке қарсы шаралар туралы