Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Демпингке қарсы шаралар туралы

Демпингке қарсы шаралар туралы
39-бап. Демпингке қарсы уақытша шаралардың күшiн жоюдың талаптары мен тәртiбi



Ст. 39 Демпингке қарсы шаралар туралы



1. Егер демпингке қарсы қолданылып жүрген уақытша шаралардың мөлшерi демпингке қарсы салынатын баждан аз болса, айырмасы төленбеуге тиiс, егер көп болса, өнiм берушiнiң қалауы бойынша айырма оған заңдарда белгiленген тәртiппен өтеледi. 2. Материалдық залал келу қаупi анықталған жағдайда демпингке қарсы баж материалдық залал қаупiнiң болуы туралы қорытынды шығарылған күннен бастап қана қолданылуы мүмкiн және қолданылып жүрген уақытша шаралардың күшi жойылуға тиiс, ал уақытша шаралар қолданылған кезеңде енгiзiлген кез келген ақша депозитi қайтарылуға тиiс және өнiм берушiнiң кез келген ақшалай мiндеттемесiнiң күшi жойылуға тиiс. 3. Егер демпингке қарсы iстi қарау барысында демпингтiң және материалдық залалдың немесе оны келтiру қаупiнiң болмауы анықталса, шешiм қабылданған күннен бастап он күн iшiнде барлық уақытша шаралардың күшi жойылуға тиiс, ал өндiрiлiп алынған сомалар шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде заңдарда белгiленген тәртiппен қайтарылуға тиiс.

Статья 1 ...37 38 39 40 41 ...43 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 39-бап Демпингке қарсы шаралар туралы