Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Демпингке қарсы шаралар туралы
37-бап. Баға бойынша мiндеттемелердiң қолданылуы



Ст. 37 Демпингке қарсы шаралар туралы




1. Өнiм берушi баға бойынша қабылданған мiндеттемелердi адал орындаған жағдайда уәкiлеттi органның iстi қарауды тоқтатуға құқығы бар. 2. Бағалар бойынша мiндеттемелер қабылданғаннан кейiн уәкiлеттi орган баға бойынша өзiне мiндеттеме қабылдаған өнiм берушi талап еткен жағдайда немесе өз бастамасы бойынша демпингтiң және материалдық залалдың немесе оның қаупiнiң болуын анықтау үшiн демпингке қарсы iстiң қаралуын жалғастырады. 3. Демпингтiң немесе материалдық залалдың болмауы баға бойынша қабылданған мiндеттеменiң салдарынан болатын жағдайларды қоспағанда, егер демпингтiң немесе материалдық залалдың немесе оның қаупiнiң болмауы туралы шешiм қабылданса, баға бойынша мiндеттеме өзiнен-өзi күшiн жояды. 4. Баға бойынша мiндеттеме демпингке материалдық залал келтiретiн қарсы iс-қимыл үшiн қажеттi уақыт iшiнде және сондай мөлшерде күшiнде қалуға тиiс. 5. Баға бойынша мiндеттеме қабылданғаннан кейiн уәкiлеттi орган осы Заңның 26-бабының талаптарын сақтай отырып, ол жөнiнде барлық мүдделi тұлғаларға хабарлама жiбередi.


Статья 1 ...35 36 37 38 39 ...43 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Демпингке қарсы шаралар туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 37-бап Демпингке қарсы шаралар туралы