Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Аудиторлық қызмет туралы
21-бап. Аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi



Ст. 21 Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I




1. Аудиторлық ұйымдар:

1) аудит жүргiзу әдiстерiн дербес анықтауға;

2) аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын сұратуға және тексеруге;

2-1) салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан аудиттелетін субъектіге қатысты мәліметтер сұратуға;

3) осы Заңның 24-бабында көрсетiлген тұлғаларды қоспағанда, әр түрлi бейiндегi мамандарды аудит жүргiзуге қатысуға шарттық негiзде тартуға;

4) аудиттелетiн субъект аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын бұзған жағдайда аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргiзуден не аудиторлық есептi немесе аудиторлық қорытындыны беруден бас тартуға;

5) аудиттелетiн субъектiнiң қаржы-шаруашылық қызметтерiне байланысты құжаттамаларды толық көлемде, сондай-ақ осы құжаттамада есепке алынған мүлiктiң нақты бар-жоғын тексеруге құқылы.

2. Аудиторлық ұйымдар:

1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын сақтауға;

2) сапаны сыртқы бақылаудың жүргізілуіне, уәкілетті орган жүргізетін тексерулерге кедергі жасамауға;

3) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған немесе кәсіби ұйымнан ерікті түрде шыққан немесе одан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде кәсіби ұйымға кіруге;

4) өздері мүшелері болып табылатын кәсіби ұйымды аккредиттеуден айырған кезде үш ай ішінде басқа кәсіби ұйымға кіруге;

5) коммерциялық құпияны жария етпеуге;

6) аудиттелетін субъектіге бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беруге міндетті.

Аудиторлық ұйымдар мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік кәсіпорындарда, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларда аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізген жағдайда аудиттелетін субъектіге бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану кезінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпаратты да беруге міндетті;

7) өздері үшін аудит жүргізу міндетті болып табылатын қаржы ұйымдарына, банктік конгломерат құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға аудит жүргізу нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы аудиттелетін субъектілерді хабардар ете отырып, Ұлттық Банкке хабарлауға;

8) уәкілетті органға лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес есептілікті, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты табыс етуге;

9) Ұлттық Банкке қаржылық ұйымдардың, банктік конгломерат құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру тобына кіретін ұйымдардың аудиторлық есебін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде табыс етуге;

9-1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны аудиттелетін субъектінің орналасқан жеріндегі мемлекеттік кіріс органына ұсынуға;

9-2) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайтын тәртіппен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды ұсынуға;

10) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді хабарлауға міндетті.

3. Мемлекеттiк органдардың, аудиттелетiн субъектiлердiң және кез келген үшiншi тұлғалардың аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi.

Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...30 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 21-бап Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I