Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы
18-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына олардың өз қызметiн жүзеге асыруына жәрдемдесу



Ст. 18 Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы



1. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар төтенше жағдайлар аймақтарына бара жатқан және орналасқан жерiне қайтып келе жатқан авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына кейiннен оларға өтемi жасалатын, қажеттi көлiк пен материалдық құралдарды бере отырып барынша жәрдем көрсетуге мiндеттi. 2. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар жүргiзiлетiн жерге бара жатқан кезде кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жедел көлiгi, оның iшiнде уақытша тартылған және жалға алынған көлiк кедергiсiз жүру құқығын аэродромдарда, автомобильдерге май құю станцияларында, теңiз және өзен порттарында жанар-жағармай материалдарымен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiлу құқығын, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету станцияларында, аэродромдарда, теңiз және өзен порттарында жөндеу жұмыстарын бiрiншi кезекте жүргiзу құқығын пайдаланады.

Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...17 17-1 18 19 20 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 18-бап Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы