Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы
24-бап. Құтқарушылардың мiндеттерi



Ст. 24 Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы



1. Құтқарушылар:

зардап шеккен адамдарды iздестiруге, оларды құтқару жөнiнде шаралар қолдануға, оларға алғашқы медициналық және басқа да жәрдем түрлерiн көрсетуге;

құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге қатысуға дайын болуға, өздерiнiң дене шынықтыру, арнаулы, медициналық, психологиялық даярлығын жетiлдiруге;

авариялық-құтқару құрамаларының құрамындағы iс-қимылдар дағдыларын жетiлдiруге;

құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу технологиясын мүлтiксiз сақтауға;

құрамында құтқарушылар аталған жұмыстарды атқаруға қатысатын авариялық-құтқару құрамалары басшыларының құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу барысында беретiн бұйрықтарын мүлтiксiз орындауға;

төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында азаматтарға қауiпсiз жүрiп-тұру ережелерiн және ондай жағдайлар туындаған ретте iс-қимылдар жасау тәртiбiн түсiндiруге мiндеттi. 2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының мiндеттерi тиiстi жарғылармен, ережелермен, тәлiмдемелермен белгiленедi және олар еңбек шартының құрамдас бөлiгi болып табылады.

Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.05.15 N 253 Заңымен.

Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 24-бап Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы