Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы
26-бап. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларына еңбекақы төлеу



Ст. 26 Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы



1. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларына еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен). 3. Кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларының құтқарушыларына еңбек сiңiрген жылдары үшiн жұмыс стажына қарай ай сайын лауазымдық айлықақысына процент есебiмен еңбек сiңiрген жылдары:

үш жылдан асқанда - он бес процент;

бес жылдан асқанда - жиырма процент;

он жылдан асқанда - отыз процент;

он бес жылдан асқанда - қырық процент;

жиырма жылдан асқанда елу процент мөлшерiнде үстемеақы төленедi.

Кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларының құтқарушыларына еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстемеақы төлеу үшiн стаж Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен есептеледi. 4. Кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларының құтқарушылары жалақысының мөлшерi олар қызмет көрсететiн ұйымдардың тиiстi санаттардағы қызметкерлерiнiң жалақысы мөлшерiнен төмен болмайды.

Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.05.15 N 253 , өзгерту енгiзiлдi - 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 26-бап Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы