Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы

Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы
27-бап. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының тұрғын үй алу құқығы



Ст. 27 Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы



 1. Орталық атқарушы органдардың, ұйымдардың кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының құтқарушыларына және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген нормалар бойынша мемлекеттiк және ведомстволық тұрғын үй қорының есебiнен тұрғын үй-жай берiледi. 2. Тұрғын үй алуға (тұрғын үй жағдайларын жақсартуға) мұқтаж болған, қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының отбасылары, сондай-ақ құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге тартылған және аталған жұмыстарды жүргiзу барысында қаза тапқан (қайтыс болған) ерiктi авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының және құтқарушылар болып табылмайтын азаматтардың отбасылары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шарттар мен тәртiпте мемлекеттiк тұрғын үй қорынан оны алу (тұрғын үй жағдайын жақсарту) құқығын сақтайды. 3. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының құтқарушылары пәтерлерiне телефондарды ақылы негiзде бiрiншi кезекте орнатуға құқылы.

  Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...33 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 27-бап Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы