Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы
9-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын жасақтау



Ст. 9 Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы



1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жеке құрамын жасақтау ерiктi негiзде жүзеге асырылады. 2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына құтқарушылар қызметiне, құтқарушылар даярлау жөнiндегi бiлiм беру ұйымдарында оқуға медициналық байқауда құтқарушы жұмысына жарамды деп танылған және олардың кәсiби даярлығы мен дене шымырлығына, моральдық-психологиялық қасиеттерiне қойылатын талаптарға сай келетiн азаматтар қабылданады. 3. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларында құтқарушылар мiндетiн атқаруға жасы 18-ге толған, құтқарушыларды даярлау бағдарламасы бойынша оқу бiтiрген және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге белгiленген тәртiппен аттестаттаудан өткен азаматтар жiберiледi.

Авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларының орта, аға және жоғары басшы құрамы жоғары кәсiби бiлiмi бар және арнайы даярлықтан өткен адамдардан жинақталады.

Аталған адамдар кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiнде және құрамаларында үш ай iшiнде тағылымдамадан өткен соң және құтқарушы бiлiктiлiгiн алғаннан кейiн дербес жұмысқа жiберiледi. 4. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына құтқарушылар қызметiне азаматтарды қабылдау кезiнде олармен еңбек шарты жасалынады, онда еңбек шартын жасасу мен тоқтату шарттары; құтқарушылар жұмысының ерекшелiктерi мен режимi; еңбекақы төлеудiң тәртiбi мен шарттары; құтқарушыларға арналған әлеуметтiк кепiлдiктер мен жеңiлдiктер; құтқарушылардың өздерiне жүктелген мiндеттердi және кезекшiлiкте, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезiнде аталған авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары басшыларының өкiмдерiн мүлтiксiз орындау мiндеттемесi баянды етiледi.

Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.05.15 N 253 , 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 9-бап Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы