Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Автомобиль көлiгi туралы

Автомобиль көлiгi туралы
39-бап. Пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау



Ст. 39 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476



1. Тасымалдаушылар пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдауды пошта операторларымен жасалған пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау шарты негiзiнде жүзеге асырады.

2. Пошта жөнелтілімдерін тасымалдау үшiн арнайы жасалған автокөлiк құралы пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау шартына сәйкес қатаң тiкелей мақсатында пайдаланылуға тиiс. Мұндай автокөлiк құралында пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдауға қатысы жоқ бөгде адамдарды тасымалдауға тыйым салынады.

3. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерiн ұсынатын пошта операторы көлiгiнiң автомобиль, темiржол, су станциялары мен вокзалдарының, әуежайлардың аумақтарында орналасқан жүк және багаж кешендерiне пошта жөнелтiлімдерiн алмасу үшiн өтуi бiрiншi кезекте және ақысыз жүзеге асырылады.

4. Егер пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау шартында өзгеше белгiленбесе, пошта жөнелтілімдерін тиеудi және түсiрудi, сондай-ақ оған iлесiп жүрудi және оның жүру жолында сақталуын пошта операторлары қамтамасыз етедi. Егер шарт талаптарынан өзгеше жағдай туындамаса, автомобильмен тасымалдау кезiнде пошта жөнелтілімдерінің сақталуы мен тұтастығы үшiн пошта операторы жауаптылықта болады.

Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 499-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...38 38-1 39 40 41 ...55 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 39-бап Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476