Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Экспорттық бақылау туралы
8-бап. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің түрлері



Ст. 8 Экспорттық бақылау туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 300



Экспорттық бақылануға тиіс өнімнің түрлеріне мыналар жатады:  

1) жай қару-жарақ пен әскери техника, шикізат, материалдар, арнайы жабдықтар мен технологиялар, оларды өндіруге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;  

2) ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, жабдықтар, қондырғылар, технологиялар, иондық сәуле шығаратын көздер, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) жабдықтар және тиісті тауарлар мен технологиялар, оларды өндіруге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;  

3) экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерінде белгіленетін тізімдер, тізбелер бойынша химиялық қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін химикаттар, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар;  

4) бактериологиялық (биологиялық) және уытты қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін ауру қоздырғыштар, олардың генетикалық жағынан өзгерген нысандары мен генетикалық материалдың фрагменттері, олардың тізімдерін, тізбелерін экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері белгілейді;  

5) зымырандық техника, қозғалтқыштар, олардың компоненттері, зымырандық техника жасау кезінде қолданылатын жабдық, материалдар мен технологиялар, олардың тізімдерін, тізбелерін экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері белгілейді;  

6) жаппай қырып-жоятын қару түрлері;  

7) ғылыми-техникалық ақпарат, көрсетілетін қызметтер және әскери мақсаттағы өнімге, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологияларға байланысты зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...20 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Экспорттық бақылау туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 300 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 8-бап Экспорттық бақылау туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 300