Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Электр энергетикасы туралы

Электр энергетикасы туралы
10-бап. Жүйелiк оператор



Ст. 10 Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588



1. Жүйелiк оператор мынадай функцияларды орындайды:

1) шартқа сәйкес ұлттық электр желiсi бойынша электр энергиясын беру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi, оған техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды қамтамасыз етедi;

2) электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасау мен тәулiктiк кестесiн қалыптастыруды қоса алғанда, шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң жұмыс режимдерiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлендiру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;

3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi жұмысының сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;

 РҚАО-ның ескертпесі!

4) тармақша 2007.12.31 дейін қолданылады.

4) электр қуатын реттеу жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;

5) электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;

6) электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн қаржылық реттеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;

7) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде энергия өндiрушi ұйымдар арасындағы қуат резервтерiнiң көлемiн, құрылымын, таратылуын және қуат резервтерiнiң iске қосылуын айқындайды;

8) нақты уақыт режимiндегi электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы мен жүйелiк және қосалқы көрсетiлетiн қызметтер нарығының жұмыс iстеуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады;

9) шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс режімдерiн басқару және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету және электр қуатын реттеу бойынша өзара iс-қимыл жасайды;

10) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың, электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң релелiк қорғау мен аварияға қарсы автоматикасының бiрлескен құрылғыларының бiртұтас ақпараттық жүйесiн, автоматтандырылған жүйесiн құру жөнiнде техникалық және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;

11) ұлттық электр желiсiне электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң қол жеткiзуi үшiн тең жағдайларды қамтамасыз етедi;

12) Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығына қатысушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қозғамайтын ақпаратпен қамтамасыз етедi;

13) электр станцияларының, шағын станциялардың негiзгi жабдықтарын, электр беру желiлерiн, релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын, технологиялық басқару және олардың жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету жүйелерiн жөндеуге шығаруды келiседi;

14) су электр станцияларының су-шаруашылық теңгерiмдерiн ескере отырып олардың жұмыс режимдерiн және Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң жұмыс режимдерiн әзiрлеуге қатысады;

15) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеуді жүзеге асырады;

16) электр қуаты нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

18) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүзеге асырады;

19) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

22) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

22-1) қуатты берудің келісілген схемалары туралы ақпаратты тоқсан сайын уәкілетті органға береді;

23) осы Заңда және Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

2. Жүйелiк оператордың мынадай жағдайларда:

1) технологиялық және өндiрiстiк мұқтаждарға;

2) шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен бірге электр энергиясы ағымдарының шарттық шамаларын қамтамасыз ету үшін;

3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында;

4) жасасқан шарттар шеңберінде шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен бірге авариялық өзара көмек көрсету үшін энергия өндіруші ұйымнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында электр энергиясын тікелей шетелдік өндірушінің атынан өткізетін электр энергиясын берушілерден электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға құқығы бар.

2-1. Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымдарға қуаттар авариялық істен шыққан жағдайда, олардың басқа энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу мүмкіндігі болмаған кезде электр энергиясын беруді жүзеге асырады. Жүйелік оператордың шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен авариялық өзара көмек көрсету туралы шарты біреуден көп болған жағдайда, жүйелік оператор техникалық сипаттағы шектеулерді ескере отырып, электр энергиясының ең төмен бағасын ұсынған электр энергиясын берушіні таңдайды.

3. Жүйелiк оператор Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асырады.

4. Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару:

1) электр энергиясын сатып алу-сату, беру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу шарттарының талаптарын iске асыратын Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн басқарудан;

2) электр энергиясының мемлекетаралық ток ағымдары режимдерiн басқарудан;

3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде технологиялық бұзылыстарды болдырмауды, оқшауландыруды және жоюды қамтамасыз етуден;

4) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi қуат резервтерiн оралымды басқарудан;

5) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң сенiмдi және тұрақты жұмысын қамтамасыз ететiн релелiк қорғау, аварияға қарсы және режимдiк автоматика жүйелерiнiң құрылымын, принциптерін, орналасқан жерлерiн, көлемдерi мен қондырғыларын айқындаудан;

6) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестелерiн қалыптастыру мен бекiтуден;

7) электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасаудан тұрады.

5. Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару және тиiстi өкiмдер беру электр энергиясының сапалық сипаттамасының ағымдағы мәнi - қуаты, жиiлiгi және кернеуi негiзiнде жүзеге асырылады.

  Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.29 № 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.04 № 166-IV, 2012.07.04 № 25-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 394-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 РҚАО-ның ескертпесі!

3-тарауды 10-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

10-1-баптың бұл редакциясы 01.01.2018 дейін қолданыста болады - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен.

Статья 1 ...9-2 9-3 10 10-1 10-2 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588