Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы
8-бап. Энергия үнемдейтін жабдықтар мен материалдарды пайдалану, жаңа объектілерді қабылдау бойынша шектеулер және тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы төлеу



Ст. 8 Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV



1. Энергетикалық ресурстарды және су ресурстарын тұтынатын объектілердің құрылыс жобаларында энергия үнемдейтін материалдарды міндетті пайдалану, энергетикалық ресурстарды және су ресурстарын есепке алу аспаптарын, жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерін орнату көзделеді.

Көппәтерлі тұрғын үйлердің жобаларында энергия үнемдейтін материалдарды міндетті пайдалану, жалпы үйдің жылу энергиясын және суды есепке алу аспаптарын, пәтер бойынша электр энергиясын, суық және ыстық суды, газды есепке алу аспаптарын, сондай-ақ жылыту жүйелерінде реттеуші аспаптарды, жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерін орнату көзделеді.

2. Энергетикалық ресурстарды және су ресурстарын тұтынатын, энергетикалық ресурстарды және суды есепке алу аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған жаңа объектілерді пайдалануға қабылдауға жол берілмейді.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелері бөлігіндегі талаптары жылу энергиясын сағат бойынша орташа 50 кВт-дан аз тұтынатын (жылу энергиясы, жылыту, желдету, кондиционерлеу және ыстық сумен жабдықтау шығыстарын қоса алғанда) объектілерге қолданылмайды.

4. Тұтынушылар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес бекітілген, жылу энергиясын есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтер бойынша тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы төлеуді жүргізеді.

 Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2015 № 322-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 8-бап Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV