Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ойын бизнесi туралы

Ойын бизнесi туралы
6-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлері



Ст. 6 Ойын бизнесi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219




1. Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметтің мынадай түрлері жүзеге асырылады:

1) казино;

2) ойын автоматтары залы;

3) букмекер кеңсесі;

4) тотализатор.

2. Қазақстан Республикасының аумағында:

1) осы баптың 1-тармағында көзделмеген ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруға;

2) электрондық казино және интернет-казино қызметіне;

3) өзге мүлік түрінде ұтыс беруге жол берілетін казино қызметін қоспағанда, ақшадан басқа өзге мүлік түрінде мөлшерлемелер қабылдауды және (немесе) ұтыс беруді көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге;

4) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген орындарды қоспағанда, ойын жабдығын кәсіпкерлік мақсатта орнатуға және пайдалануға;

5) ойын мекемелерінен (тотализаторлардың немесе букмекер кеңселерінің кассаларынан) тыс жерлерде бәс тігуге, мөлшерлемелерді қабылдауға (есепке алуға), ұтыс төлеуге;

6) тотализатор немесе букмекер кеңсесі қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар болып табылмайтын тұлғалардың бәс тігуіне, мөлшерлемелерді қабылдауына (есепке алуына), ұтыс төлеуіне тыйым салынады.

  Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.05.04 N 157-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.04.2015 № 310-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...17 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-бап Ойын бизнесi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219