Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы

Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы
9-бап. Қордың басқару органдары



Ст. 9 Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ



1. Басқарушы комитет Қордың жоғары басқару органы болып табылады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Басқарушы комитеттің Төрағасы болып табылады.

Басқарушы комитет туралы ережені, сондай-ақ оның құрамын Басқарушы комитеттің Төрағасы бекітеді.

2. Басқарушы комитеттің айрықша құзыретіне:

1) Қор жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

2) Қордың жылдық және орта мерзімді бюджеттерін бекіту;

3) Қордың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту;

4) Қордың сыртқы аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау;

5) осы Заңға және Қор жарғысына сәйкес өзге де өкілеттіктер жатады.

3. Басқарушы комитеттің құрамына құрылтайшының өкілдері, ғылыми және педагог қызметкерлер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ өзге де адамдар кіреді.

4. Қордың ағымдағы қызметіне басшылықты оның атқарушы органы жүзеге асырады, ол алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін.

Қордың атқарушы органы Басқарушы комитеттің шешімдері негізінде және оларды орындау үшін әрекет етеді және оған есеп береді.

Қордың атқарушы органының құрылымы, құзыреті, қалыптасу тәртібі мен өкілеттік мерзімдері Қор жарғысында айқындалады.

5. Қордың атқарушы органы әрекеттерімен және (немесе) әрекетсіздігімен келтірген зиян үшін Қор алдында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

6. Қорда оның жарғысына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...14 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ