Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Инвестициялық қорлар туралы

Инвестициялық қорлар туралы
31-бап. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру



Ст. 31 Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576



1. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын басқарушы компания өз бастамасы бойынша немесе осы қордың пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы талапты берген күнi пайлардың жалпы санының кемiнде үштен бiрiн құрайтын пайды ұстаушылардың жазбаша талабы бойынша шақырады.

Басқарушы компания жабық инвестициялық пай қорын сенiмгерлiк басқару шартын бұзу туралы шешiм қабылдаған кезде қордың активтерiн басқа басқарушы компанияға басқаруға беру немесе қордың жұмыс iстеуiн тоқтату туралы мәселенi шешу үшiн пайларды ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыруға мiндеттi.  

2. Басқарушы компанияның бастамасы бойынша жалпы жиналысты шақыруға және өткiзуге байланысты шығындарды басқарушы компания көтередi. Бұл ретте қордың ережесiнде басқарушы компанияның бастамасы бойынша инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын өткiзуге жұмсалған шығыстарын осы қор активтерiнiң есебiнен өтейтiн жағдайлар көзделуi мүмкiн.  

3. Осы қордың пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы талап берiлген күнi пайлардың жалпы санының кемiнде үштен бiрiн құрайтын пайларға ие болып отырған ұстаушылардың бастамасы бойынша жалпы жиналыс шақырылған жағдайда, жалпы жиналысты шақыруға және өткiзуге байланысты шығындар инвестициялық пай қорының активтерi есебiнен өтеледi.  

4. Пай ұстаушылардың жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы жазбаша талабында оны шақыру себебi, сондай-ақ жалпы жиналыстың күн тәртiбi болуға тиiс.

Жалпы жиналысты шақыру туралы жазбаша талап бiр мезгiлде уәкiлеттi органға хабарлана отырып, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясына, кастодианына және тiркеушiсiне жiберiлуге тиiс.  

5. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама инвестициялық пай қорының ережесiне сәйкес баспасөз басылымында жариялануы немесе қордың ережесiне сәйкес осы қордың әрбiр пай ұстаушысына жеткiзiлуi тиiс.

  Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...48 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 31-бап Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576